Футзал

Кака: Жеребе турнир үшін әділетсіз болды

Кака: Жеребе турнир үшін әділетсіз болды
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» АФК бас бапкері Кака Чемпиондар лигасы Элиталық кезеңі алдында команданың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Матчтардың уақыты жақындап келеді, толқыныс та артып келеді, қысым сезіледі. Бірақ нәтижеге алаңдамайтын спортшы - спортшы емес. Әрине, «Қайрат» ЧЕ Негізгі кезеңінде сәтсіздеу ойнады, өзімізге ұқсамадық. Бірақ салымызға суға кетірмейміз, себебі қатемен жұмыс істежік. Жеңілістер ауыр соққы болды, бірақ жұмысты жалғастырып, алдағы кезеңге тың оймен келеміз.

- Маусымаралық үзілісте Сүлейменов пен Жаманқұлов кетті. Оларды кіммен ауыстырасыздар?

- Ең алдымен Тайнанды жоғалттық. Ол алаңда көшбасшы болатын, оның орнын басатын адамды табу қиын. Сүлейменов пен Жаманқұловты жоғалтпадық, олар өздері кетті. Олардың орнына қазақстандық жас ойыншыларды шақырдық. Оларға бейімделуге уақыт керек, бірақ олар міндетті түрде жанкүйерлерді қуантады.

- Жеребені қалай бағалайсыз?

- Жеребе турнир үшін әділетсіз болды деп ойлаймын. Себебі бізде өте мықты командалар жиналды. Демек, турнирдің алғашқы кезеңдерінде өте мықты команда ұшып кетеді. УЕФА болашақта бұл сәттерді ескереді деп үміттенемін.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер