Жанқош Тұраров «Golden Contract» турниріне қатыспайтын болды

Жанқош Тұраров «Golden Contract» турниріне қатыспайтын болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17KO) «Golden Contract» турнирінің 1/4 финалына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

MTK Global ұйымдастырып отырған бұл турнирдің ережесіне сай ширек финалдық кездесулер осы жылдың қазан/қараша айында өтуі тиіс болатын.

Бұған дейін, 22 қарашада Лондондағы «York Hall» фитнес-орталығында өтетін бірінші орта салмақ дәрежесінің 1/4 финалында Жанқош Тұраров өнер көрсетеді деп жарияланған еді. Қарсыластар бокс кешіне бір апта қалғанда жеребе арқылы анықталады деп жоспарланған. Алайда белгісіз себептермен Тұраров қатыспайтын болды. Тұраровтан бөлек, швециялық Энтони Йигит (24-1-1, 8КО) те турнирге қатыспайтын болды.

Ал олардың орнына британиялық қос боксшы Киран Гетинг (9-2-1, 2 КО) пен Майки Сакий (8-2, 4 КО) бокс кешінде өнер көрсететін болды.

Жанқош Тұраров «Golden Contract» турниріне қатысады

Жанқош Тұраров 22 қарашада жекпе-жек өткізеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или