Футзал

Қазақстанның ӘЧ-2022 элиталық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Қазақстанның ӘЧ-2022 элиталық кезеңіндегі қарсыластары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Әлем чемпионатының элиталық кезеңіне жеребе тартылды. Қазақстан құрамасының қарсыластары да белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан D тобында Чехия, Словения және Румыния құрамаларымен ойнайды. Матчтар 28 қаңтар мен 2 ақпан аралығында өтеді.

Әр топтың үздік командасы 2020 жылдың 12 қыркүйегі мен 4 қазан аралығында өтетін финалдық кезеңге қатысады.

Сонымен қатар топтарда екінші орын алған командалар арасында өзара матчтар өтеді. Жеңімпаздар топтағы үздік командалармен бірге финалдық кезеңге жолдама алады.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер