Ауыр атлетика

Ақмолалық зілтеміршілер ел чемпионатында 3 алтын медаль иеленді

Ақмолалық зілтеміршілер ел чемпионатында 3 алтын медаль иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Ақмолалық зілтеміршілер ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері Анатолий Храпатыйдың құрметіне арналған жастар арасындағы ауыр атлетикадан ел чемпионатында 3 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль иеленді.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен жарысқа еліміздің әр өңірінен 150-ден астам спортшы қатысты.

«Жарыс қорытындысы бойынша ақмолалық спортшылар он медаль иеленді. Оның ішіне Диана Жүсіпбекова (55 кг), Екатерина Столяренко (71 кг) және Рәшид Әскеров (+109 кг) алтын, Жалғас Сеиітов (62 кг), Сергей Петрович (73 кг), Айым Мұхаметжанова (49 кг), Жаслан Қалиев (81 кг) және Мира Ахметова (81 кг) күміс, Татьяны Новак (59 кг) және Александра Яковлева (64 кг) қол медальге қол жеткізді. Ал Мира Ахметова мен Владимир Котов ҚР спорт шеберінің нормативін орындады», дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Жерлестеріміз Ақмола облысының аға жаттықтырушысы Батырбек Оздоев, жаттықтырушылар Сергей Шевченко, Джамалидин Панахов, Дмитрий Чурсин, Сағындық Кененбаев, Игорь Вашанов, Ербол Мейрманов және Ксения Полукарова жетекшілігімен жаттығады.


ъ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер