Азиада-2014. Алексей Луценко - чемпион!
<p style="text-align: justify;">
<strong>Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Ол жекелей сында 42 шақырым қашықтықты 50 минут 28 секундта жүріп өтті. Екінші орында - қырғыз спортшысы Евгений Ваккер. Үшінші орында – Иран өкілі Хоссейн Аскари. Алексей Луценко - жастар арасындағы Әлем чемпионы, «Астана» велокомандасының мүшесі.</p>
<p style="text-align: justify;">
Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында – 9 алтын медаль, 9 күміс, 17 қола жүлде бар. Ел спортшылары жалпы есепте 4-ші орында келеді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или