«Атырау» өз алаңында «Жетісудан» жеңілді

news-banner7
mobile-news-top

Премьер лиганың 30-шы туры аясында «Атырау» мен «Жетісу» командалары кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Атырауда өткен ойын 0:3 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

«Атырау» үшін үш ұпай ауадай қажет еді. Турнирлік кестеде 11-ші орында тұрған команда үшін чемпионат аяқталар тұсата әр ұпайдың маңызы зор. Алайда «Мұнайшылар» өз алаңында өткен ойында жеңіліп, жағдайын мүлде қиындатып алды. Олар енді 9-шы орындағы «Ертістен» 11 ұпай артта тұр.

«Атырау» – «Жетісу» - 0:3 (0:3)

Гол соққандар: Тошев, Степанюк, Адамович

«Атырау»: Калменов (Қ), Аблитаров, Нгвем, Абдулавов, Гжельчак, Бруно, Шабаев, Қалмұратов, Абдрахманов, Сергиенко (К), Габышев.

«Жетісу»: Бекбаев (Қ, К), Лебедев, Наумов, Степанюк, Мавутор, Адамович, Тошев, Дарабаев, Тапалов, Сапанов, Қуантаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер