«Қайрат» футзал клубының бұрынғы бапкері Кувейт құрамасын Азия чемпионатына алып шықты
<span>«Қайрат» Алматы футзал клубы мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Какау Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан 2020 жылғы Азия чемпионатының іріктеу турнирінде сенсациялық жетістікке жетті, деп хабарлайды </span>Prosports.kz.
Какау баптайтын Кувейт құрамасы Бахрейндегі үш матчтың үшеуінде де жеңіске жетіп, 2020 жылдың ақпанында Туркменстанда өтетін құрлықтық біріншіліктің финалдық кезеңіне жолдама алды.
Кувейт футзалшылары алдымен Палестинаны (7:1), БАӘ-ні (4:1) және Ирак сынды азулы қарсыласын 4:1 есебімен ұтты.
Топтағы бірінші орынды Бахрейн мен кувейттіктер бүгін сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или