Бокс

Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасынан кейін кәсіпқой боксқа ауыспақ

Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасынан кейін кәсіпқой боксқа ауыспақ
news-banner7
mobile-news-top

Ресейде өткен соңғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында жаһан біріншілігін қорытындылап, алдағы жоспарымен бөлісті.

Әлем чемпионаты:

Команданың нәтижесі мен жеке жетістігіме көңілім толады. Әрине, «әттеген-ай» дейтін тұстары да бар. Әр жарысқа қатысқанда бірінші болуды мақсат тұтасың. Барымды салдым. Финалдағы жекпе-жекте оған бәрі куә болды деп ойлаймын. Алтын бұйырмай кетті.

Әлем чемпионаты: Өзбек боксшылары үстемдік құрды

Финалдағы қарсыласы жайлы:

Шешуші жекпе-жекте өзбекстандық Баходир Джалоловпен жұдырықтастым. Негізі, бұл жігіт кәсіпқой бокста жүріп әбден шыңдалған. Кәсіпқой бокста 15 жекпе-жектен артық кездесу өткізбеген боксшылар әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатына қатыса береді деген заң шықты ғой. Ол бәрімізге ортақ. Боксшы мықты екенін қашан да дәлелдеуі тиіс деп ойлаймын. Әуеқойда жүргендер үшін кәсіпқой бокстағыларды жеңу өте қиын болады деген ұғым бар. Бұны керісінше айтса да болады.

Бокстан құрама бапкерлеріне сөгіс жарияланды

Головкиннің соңғы жекпе-жегі:

Әр боксшының өз стилі бар. Сол өзінің стиліне өте ыңғайлы келетін боксшылар бар. Мысалы, Даниэл Джейкобс пен Сергей Деревянченко төбелескен кезде, америкалық үшін Сергей қатты қиындық туғыза қойған жоқ. Сол секілді енді Сергейдің стиліне Головкин ыңғайлы келді. Бокста көп дүние соған байланысты. Бірақ, жас мінген сайын кәсіпқой бокста жоғарғы деңгейді ұстап тұру қиынға соғады. Әйткенмен, Головкин әлі де өзін көрсетеді деп ойлаймын.

Қазақ футболы:

Футболды жақсы көретінім, қызығып тамашалайтыным рас. Қазақ футболының әлі күнге дейін алға қадам баспағанын мен түсіндіре алмаспын. Проблема неде? Әр саланың өзінің қыр-сыры бар ғой. Ол үшін сол саланың ішінде жүруің керек шығар. Бірақ футболға ғана бар ақшаны құя бермей, бокс, күрес, таэквандо секілді спорттарды дамытуды мықтап қолға алса деген ниетім бар. Сыртан келетін легионерлерге қаншама қаражат кетіп жатыр. Желге ұшқан ақша. Соның тым болмаса жартысын өзге спорттарға бөлсе, жетістіктеріміз көп болар еді.

Мақсат:

Әлем чемпионатында кеткен есемді Олимпиадада қайтару - басты мақсатым. Аса ауыр салмақта қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанып, елімізді қуантып, Токио төрінде көк байрақты көкте желбіретсем деген асқақ арманым бар. Сол жолда тыңбай еңбектенемін. Одан кейін кәсіпқой боксқа ауысу жайлы да ойым бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер