Бокс

Бокстан құрама бапкерлеріне сөгіс жарияланды

Бокстан құрама бапкерлеріне сөгіс жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Ғалымбек Кенжебаев бастаған бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер қауымына сөгіс жарияланды.

Қазақстан бокс федерациясының бапкерлер кеңесі Екатеринбургте өткен әлем чемпионатын сараптай келе, осындай шешімге келді. Бұл шешімді қабылдауға әлем чемпионатының жартылай финалындағы Василий Левит пен эквадорлық боксшы арасындағы жекпе-жек қорытындысы себеп болған.

Левиттің жанындағы бапкерлер кездесу қорытындысына наразылық танытып, жекпе-жек аяқталғаннан кейінгі 60 секунд ішінде төрешілерге шағым түсіруі қажет еді. Ереже бойынша сары қағаз кездесу аяқталғаннан кейінгі бір минут ішінде қабылданады. Алайда, қазақстандық бапкерлер бұл құқықты пайдалана алмады, ал қайта айналып келгенде бәрі де кеш еді.

«Біз боксшылардың жеке бапкерлері мен федерация басшылығын түгел шақырып, мұндай жағдайда федерация мен бапкерлердің не істеу керектігін түсіндірдік. Бұл болашақта қателікті қайталамау үшін қажет. Әрі қарай жоспар дайындаймыз. 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дейін небары төрт ай уақыт қалды. Боксшылар мен бапкерлердің және федерацияның жауапкершілігі үлкен», - деді Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Юрий Цхай.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер