Қазақстандық велотрекші Азия чемпионатында топ жарды

Велотректен Сеулде өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Андрей Чугай чемпион атанды, деп жазады Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы «гита» жарысында теңдессіз болды. Велотрекші 1 шақырымдық ара қашықтықты 1:01:639 уақытта жүріп өтті. Екінші орын малайзиялық Зонис Мохидке бұйырса, үштікті Қытай велосипедшісі қорытындылады.
Айта кетелік, бұл медаль - қазақстандықтардың екінші жүлдесі. Бұдан Бұрын Әлішер Жұмақан із қуу жарысында күміс жүлдегер атанған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или