Велоспорт

Vino Astana Motors велошабандозы Малайзиядағы жарыстың екінші орнында келеді

Vino Astana Motors велошабандозы Малайзиядағы жарыстың екінші орнында келеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Vino Astana Motors велокомандасы Малайзиядағы Tour of Peninsular көпкүндік велобәйгесіне қатысып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық ұжымның екі велошабандозы «патшалық» кезеңде үздік ондыққа кірді. Игорь Чжан 7-нші, Степан Астафьев 8-нші орыннан көрінді.

Жалпы кестеде Чжан екінші орынға шықты, ол Kinan Cycling Team командасының спортшысы, көшбасшы испаниялық Маркос Гарсиядан 3 минут екі секундқа қалып келеді.

19 қазанда Tour of Peninsular жарысының бесінші, соңғы күні аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер