Винокуров әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, атақты велошабандоз Александр Винокуров IRONMAN әлем чемпионатының 45-49 жастағыларға арналған дәрежесінде алтын медальді қанжығасына байлады, деп жазады Prosports.kz.
Триатлон маусымының басты жарысы АҚШ-тың Гавайи штатыдағы Коне қаласында өтті. Винокуров өзімен жасты спортшылармен жарыс жолына шығып, 8:48:24 уақыт аралығында мәре сызығынан бірінші өтті. Жалпы қатысушылардың арасында 43 болып келді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или