Бокс

Леннокс Льюис кәсіпқой боксшылардың Олимпиадаға қатысуына қарсы

Леннокс Льюис кәсіпқой боксшылардың Олимпиадаға қатысуына қарсы
news-banner7
mobile-news-top

Атақты былғары қолғап шебері Леннокс Льюис кәсіпқой боксшылардың Олимпиада ойындарына қатысуына қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ол Twitter желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Кәсіби боксшылар Олимпиадада әуесқой боксшылармен жұдырықтаспауы керек. Бұдан кей боксшы ауыр зардап шегуі мүмкін. Боксқа өзге олимпиадалық спорт түрлерімен бірдей қарауға болмайды. Бұл өте нашар идея. #MyTwoCents, - деп жазды Льюис.

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын халықарлық Олимпиада комитеті кәсіпқой боксшылардың Олимпиадаға қатысуына рұқсат беруі мүмкін екені айтылған. Сол қатарда қазақстандық жанкүйерлер Геннадий Головикнді 2016 жылғы Олимпиададан көргісі келген еді.

Айта кетейік, Льюис - ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютты әлем чемпионы. Сонымен қатар 1988 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер