Теннис

Путинцева Қытайдағы жарыста үшінші айнылымға шықты

Путинцева Қытайдағы жарыста үшінші айнылымға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бірінші ракеткасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан WTA сериясының екінші айналымында австралиялық Саманта Стосурды оңай жеңді - деп хабарлайды Prosports.kz.

Юлияға жеңіске жету үшін бір сағат және бір минут уақыт керек болды. Аз уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 6:1 есептерімен жеңді.

Айта кетейік, бұл кездесу теннисшілер арасындағы екінші кездесу болды. 2014 жылдың басында Осакадағы турнирде Стосур басым түскен еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Путинцева Тяньцзиньде тағы бір австралиялық Астра Шарманы жеңген болатын. Юлия үшінші айналымда Тунис өкілі Унс Джабирмен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер