Бокс

Усиктың қарсыласы допингпен ұсталды

Усиктың қарсыласы допингпен ұсталды
news-banner7
mobile-news-top

Супер ауыр салмақта жұдырықтасатын Нидерланды боксшысы Тайрон Спонг украиналық Александр Усикпен жекпе-жегі алдында допингпен ұсталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Vringe порталына сілтеме жасап.

ESPN ақпараты бойынша, Спонг антиэстроген кломифен препаратын (тестостерон секрециясы қызметін жақсартады) қолданған. Сол себептен Тайрон 12 қазан Чикагода өтетін бокс кешіне қатыса алмайды.

Алесандр Усик қарсылассыз қалды. Алайда украиналық боксшының промоутері Эдди Хирн үміткерлермен келіссөздер жүргізуде.

Айта кетейік, Усик супер ауыр салмақта осы жылдың мамыр айында дебютін өткізуі керек болған. Алайда украиналық боксшы жарақат алып қалды.

WBO ұйымы Александр Усиктың титулын алып қойды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер