Андреа Гуардини «Астанада» қалады
<p>
<strong>Қазақстандық велокоманда «Astana Pro Team» италиялық шабандоз Андреа Гуардинимен арадағы келісімшарты ұзартты, деп хабарлайды елордалық клубтың ресми сайты.</strong></p>
<p>
Андреа Гуардини биылғы маусымда «Тур де Лангкави» турнирінің үшінші және оныншы кезеңін, «Дания Туры» турнирінің екінші және төртінші кезеңін сондай-ақ, «Энеко Тур» турнирінің бірінші кезеңінің жеңімпазы атанған. Жуырда Андреа Гуардини өзінің карьерасындағы алғашқы ірі турнирі «Вуэльта» көпкүндігіне қатысқан болатын.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или