Футзал

«Каспий кубогы»: Қазақстан құрамасы соңғы ойында жеңіске жетті

«Каспий кубогы»: Қазақстан құрамасы соңғы ойында жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан құрамасы «Каспий кубогы 2019» халықаралық турниріндегі шешуші, үшінші ойынын өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Турнир 22-25 қыркүйек аралығында Ресейдің Астрахань қаласында өтті. Кака шәкірттері бұған дейін біреуінде жеңіп, біреуінде тең түскен болатын. Ал бүгін өткен соңғы матчта Әзірбайжанды ірі есеппен жеңді.

Қазақстан құрамасынан Шыңғыс Есенаманов пен Біржан Оразов бір-бірден гол соқса, Дуглас Жуниор дубль авторы атанды. Тағы бір голды Әзірбайжан құрамасының ойыншысы Болинья өз қақпасына салып алды.

Әзірбайжан - Қазақстан - 2:5 (0:4)

Голдар: Болинья 26, Эдуардо 27 - Есенаманов 3, Болинья 13 автогол, Оразов 15, Дуглас 20, 28.

Пенальтиден мүлт кеткен: Амадеу 17 (Әзірбайжан)

25.09.2019. Астрахань, «Звёздный» СК.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер