«Каспий кубогы»: Қазақстан құрамасы соңғы ойында жеңіске жетті

«Каспий кубогы»: Қазақстан құрамасы соңғы ойында жеңіске жетті
Футзалдан Қазақстан құрамасы «Каспий кубогы 2019» халықаралық турниріндегі шешуші, үшінші ойынын өткізді, деп жазады Prosports.kz.
<span>Турнир 22-25 қыркүйек аралығында Ресейдің Астрахань қаласында өтті. Кака шәкірттері бұған дейін біреуінде жеңіп, біреуінде тең түскен болатын. Ал бүгін өткен соңғы матчта Әзірбайжанды ірі есеппен жеңді.</span>
Қазақстан құрамасынан Шыңғыс Есенаманов пен Біржан Оразов бір-бірден гол соқса, Дуглас Жуниор дубль авторы атанды. Тағы бір голды Әзірбайжан құрамасының ойыншысы Болинья өз қақпасына салып алды. 

Әзірбайжан - Қазақстан - 2:5 (0:4)

Голдар:<span> </span>Болинья 26, Эдуардо 27 - Есенаманов 3, Болинья 13 автогол, Оразов 15, Дуглас 20, 28.

Пенальтиден мүлт кеткен:<span> </span>Амадеу 17 (Әзірбайжан)

25.09.2019. Астрахань, «Звёздный» СК. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или