Футзал

2019 жылғы Каспий кубогы: Қазақстан Ресеймен тең түсті

2019 жылғы Каспий кубогы: Қазақстан Ресеймен тең түсті
news-banner7
mobile-news-top

2019 жылғы «Каспий кубогы» турниріне қатысып жатқан Қазақстан құрамасы екінші матчта Ресеймен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы таймда аңдысып баққан қарсыластар есеп аша алмады. Шабуылға иек артқан Қазақстан құрамасынің гол соғатын мүмкіндігі көп болған еді, дегенмен Ресей де қарап қалмады.

Екінші таймда жерлестеріміз қателесті. Қақпашымен допты қақпақылдап жүрген қазақстандықтардың қателігін «оқып» қойған Ресей ойыншылары допты қақшып кетіп, бос қақпаға тебе салды – 1:0. Ал Қазақстан футзалшылары ойын соңына дейін есепті теңестірудің жолын іздестіріп бақты. Нәтижесінде, матчтыңаяқталуына бірер минут қалғанда Арнольд Кнауб гол соқты.

2019 жылғы Каспий кубогы.

ІІ тур.

Қазақстан - Ресей - 1:1

Голдар: 39, Кнауб – 28, Антошкин

23 қыркүйек. Астрахань «Звездный» СК.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер