Велоспорт

Луценко біркүндік «Мемориал Марко Пантани» жарысын жеңіп алды

Луценко біркүндік «Мемориал Марко Пантани» жарысын жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан чемпионы Алексей Луценко беделді итальяндық бір күндік «Мемориал Марко Пантани» жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші орынды INEOS командасының өкілі итальяндық Диего Роза иеленді. Үздік үштіктің қатарына француз Гуилья Мартин(Вэнди-Гоберт велосипед командасы) де кірді.

Осылайша, Луценко осы жексенбіде Йоркширде басталатын әлем чемпионатында фаворитттердің қатарына болмақ.

Қазақстан чемпионы маусымдағы оныншы жеңісіне қол жеткізіп отыр.

Еске сала кетейік, екі күн бұрын ол бір күндік «Коппа Сабатини» жарысында топ жарған болатын.

«Мемориал Марко Пантани». 199,8 шақырым:

1. Алексей Луценко (Astana Pro Team, Қазақстан)

2. Диего Роза (INEOS командасы)

3. Гуила Мартин (Велики-Гоберт велосипед командасы)

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер