Футзал

Серік Жаманқұлов мансабын аяқтады

Серік Жаманқұлов мансабын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Серік Жаманқұлов кәсіби мансабын аяқтады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы 11 қыркүйек алматылық клубтың базасында өткен кездесуде Жаманқұловтың өзі айтты.

- Сүйікті ісіңмен қоштасудың мұншалық қиын болатынын ойламаппын. Бірақ бұл сәттің кез-келген ойыншының басына ерте ме, кеш пе бір келерін анық білдім. Міне менің кезегім де келді. «Қайратта» өткізген 10 жыл ішінде біз көп нәрсені бастан өткердік. Жеңістер де, жеңілістер де болды. Мен осы сәттердің арқасында көп нәрсені үйрендім.

Менімен 10 жыл серіктес болға барлық ойыншылар мен жаттықтырушыларға алғыс айтамын. Олардан көп дүние үйрендім. Олардың әрқайсысы менің өсіп-жетілуіме көмектесті. «Қайрат» адамға үлкен мүмкіндіктер сылайтын керемет клуб. Сондай-ақ, бізге әрқашан керемет қолдау көрсеткен басшылық пен жанкүйерлерге алғысымды білдіремін, - деді Жаманқұлов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер