Никита Стальнов «Астанамен» келісімшарт мерзімін ұзартты
«Астана» командасы велосипедші Никита Стальновпен келісімшартты ұзартты.
«Астана» командасында тағы бір жылға қалатыныма қуаныштымын. Әріптестерім мені жылы қабылдап, ұжымға тез сіңіп кетуіме жағдай жасады. Александр Винокуровқа маған сенім артып, келісім шартты ұзартуға ұсыныс жасағанына алғыс айтамын. Алдымызда – Олимпиада маусымы. Ал оған қатысу барлық спортышының арманы. Осы жылды қорытындылап, саралап, жаңа Олимпиада маусымына жоспар құрып, сол бойынша жұмысты бастаймын. Мақсаттым – Олимпиада. Сондықтан, «Астана» командасында қалатыныма қуаныштымын. Құрамадағы әрбір спортшы төртжылдықтың басты додасына қатысуға лайық деп есептеймін.
Сондай-ақ, алдағы маусымда «Астанаға» жүлде сыйлап, біздің көшбасшыларға көпкүндер мен Гран турларда көмектескім келеді», дейді Никита Стальнов.