Велоспорт

Қазақстандық Олимпиада чемпионы түрмеге тоғытылуы мүмкін

Қазақстандық Олимпиада чемпионы түрмеге тоғытылуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Бельгия прокуратурасы бұрынғы кәсіби велошабандоздар Александр Винокуров пен Александр Колобневті қылмысқтық келісім жасады деп айыптап, алты айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны талап етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Колобнев пен Винокуров жарыстардың бірінде екеуара келісілген қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Бельгияның прокуратурасы бұрынғы велошабандоздарды алты айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сонымен қатар, Еуропаның осы елінің прокуратурасы Винокуровқа 100 мың еуро, Колобневке 50 мың еуро айыппұл салуды, сондай-ақ оның банктік шотынан 150 мың еуроны тәркілеуді талап етеді.

Сот үкімі жария етілетін сот отырысы 8 қазанда өтеді.

Бельгиялықтардың айтуы бойынша, Александр Винокуров 2010 жылы бір күндік «Льеж - Бастогне - Льеж» жарысында қарсыласы Колобневке 150 мың еуро төлеген. Есесесіне Коболев мәре сызығына таяған тұста Винокуровқа әдейі жол беруі тиіс болған. Екі спортшы бұл қауесеттерді бірнеше рет жоққа шығарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер