Нурмагомедов UFC басшылығына Африкада жекпе-жек өткізуді ұсынды
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов UFC басшылығына Африкада жекпе-жек өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Матч ТВ порталына сілтеме жасап.
— UFC үлкен жекпе-жек өткізгісі келсе, Конго, Нигерия, Сомали, Суданда жасасын. Сол жерде төбелесіңдер, ақша табыңдар, қайырымдылықпен айналысыңдар! UFC Африкада шоу жасаймын, мен оны қолдаймын.
Африканың халқы сусыз отыр, жыл сайын көп адамдар өлуде. Мен Сен-Пьерге қарсы келесі жылдың басында кездесу өткізіп жатсам, Конгода болғанын қалаймын. Жекпе-жектен түскен ақшаны Африкаға ұсынамыз. Осылай неге жасамасқа?! Бір кеште — 40-50 млн доллар бола ма? Мейлі 30 млн болса да. Бар-жоғы бір кеште қаншама халық жағдайы жақсарып қалады, — деді Хабиб.
<h4>Хабиб UFC тарихындағы ең көп гонорарға ие болды</h4>Еске салайық, өткен түнде Хабиб Нурмагомедов (27-0) пен америкалық Дастин Порье (25–5, 1 NC) арасында жекпе-жек өтіп, ресейлік балуан жеңіске<span> </span>жеткен болатын.
<h3>Хабиб — Порье жекпе-жегіне көрік берген арулар</h3>