ММА

Хабиб UFC тарихындағы ең көп гонорарға ие болды

Хабиб UFC тарихындағы ең көп гонорарға ие болды
news-banner7
mobile-news-top

Хабиб Нурмагомедов Дастин Порьені жылдам жеңіп, UFC чемпионы атағын қорғап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Нурмагомедов қарсыласын үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.

Жеңіске жеткен ресейлік балуан 6 090 000 доллар алады. Бұл туралы UFC ресми баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оның 6 миллионы — кепілді гонорар, 50 000 — өнер көрсеткені үшін, ал 40 000 — жекпе-жек алдындағы белсенділік үшін.

6 млн доллар — UFC тарихындағы ең үлкен гонорар. Айта кету керек, Хабибтің гонорарына ақылы трансляцияларды сатудан түскен төлем қосылмады.

Хабибтің қарсыласы Дастин Порье 290 000 доллар гонорар алды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер