«Оқжетпеске» жаңа бас бапкер келді

«Оқжетпеске» жаңа бас бапкер келді

«Оқжетпес» футзал клубын енді 36 жастағы қазақстандық маман Асхат Алжақсин баптайды.

<span>Семей футболының түлегі Асхат Алжақсин үлкен футболда «Елімай-2» (Семей), «Семей» және «Семей-2» командаларында доп тепкен. Ал футзалда «Цементник» (Семей), «Аят» (Рудный), «Ұшқын-Искра» (Астана), «БТА Футзал» (Алматы), «ОзенМунайГаз» (Жаңаөзен) және «Ақтөбе» командаларында өнер көрсетті.</span>

<span>Ол Қазақстан чемпионатының төрт дүркін қола жүлдегері, Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері және Қазақстан Кубогының қола жүлдегері.<br /></span>

<span>Бапкерлік мансабында ЦСКА футзал клубының бас бапкері қызметін атқарды. Одан бөлек Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкерінің көмекшісі болып жұмыс істеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или