«Испания Вуэльтасы»: «Астана» шабандозы 9-шы орын алды
«Испания Вуэльтасы» көпкүндік веложарысының он бірінші кезеңі мәресіне жетті, деп жазады<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.
Шабандоздар Saint-Palais – Urdax-Dantxarinea бағытында 180 шақырым жолды басып өтті.
Тур жеңімпазы атағын «Euskadi Basque Country - Murias» командасының испаниялық шабандозы Микель Итурриа жеңіп алды. Екінші орынды тағы бір испаниялық Джонатан Ластра («Caja Rural - Seguros RGA») иеленді. Үздік үштікті АҚШ спортшысы Лоусон Крэддок («EF Education First») түйіндеді.
Ал «Астана» сапынан үздік нәтижені Горка Исагирре көрсетті. Испаниялық шабандоз мәре сызығын 9-шы болып кесті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или