Мигель Анхель Лопес - «Испания Вуэльтасының» 6-шы кезеңінде 14-ші келді
«Испания Вуэльтасы» гранд-турының алтыншы кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.
Жарыстың бағыты Мора де Рубиелостан Арес-дель-Маэстратқа дейін созылды. Қашықтық 198,9 шақырым болды.
«Cofidis, Solutions Crédits» командасының намысын қорғайтын Хесус Эррада бұл кезеңде мәре сызығын бірінші болып кесті. «Trek - Segafredo» командасындағы бельгиялық велошабандоз Эдвард Тёнс екінші орынды қанағат тұтты. Үздік үштіктен Франция өкілі Дориан Годон да орын алды («AG2R La Mondiale»).
«Астананың» шабандоздары арасындағы ең жақсы нәтиже - 14-ші орынды иеленген Мигель Лнгел Лопестің еншісінде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или