Футзал

«Аят» халықаралық турнирде сәтсіз өнер көрсетті

«Аят» халықаралық турнирде сәтсіз өнер көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

Рудный қаласының «Аят» футзал клубы Тюмень облысының жүлдесі үшін өткен V халықаралық турнирінде сәтсіз өнер көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Алғашқы ойында «Тюмень» командасынан 2:3 есебімен жеңілген «Аят», екінші кездесуде «Ухтадан» 2:7 есебімен ұтылды.

Осылайша, өз тобында соңғы орынға тұрақтады. Енді 5-6 үшін өтетін ойында чехиялық «Сварог» командасымен кездеседі.

«А» тобы:

1. КПРФ - 4 очка (2 ойын);

2. «Новая Генерация» – 4 (2);

3. «Сварог» - 0 (2).

«В» тобы:

1. «Ухта» - 4 очка (2 ойын);

2. «Тюмень» - 4 (2);

3. «Аят» - 0 (2).

Айта кетейік, турнирге «Тюмень», КПРФ (Мәскеу), «Ухта» (Ухта), «Новая Генерация» (Сыктывкар) және «Сварог» (Теплице, Чехия) командалары қатысып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер