Футзал

«Қайрат» халықаралық турнирде «Бенфикадан» жеңілді

«Қайрат» халықаралық турнирде «Бенфикадан» жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» Record International Masters Futsal 2019 халықаралық турнирі аясында өткен алғашқы ойында лиссабондық «Бенфикаға» есе жіберді, деп жазады Prosports.kz.

Португалияның Портиман қаласында өткен ойын 3:1 есебімен аяқталды.

Тартысты өткен ойынның алғашқы таймында «Бенфика» бір гол соғып алға шықты. Ал екінші таймда қонақтар есепті теңестіргенімен, алаң иелері тағы екі гол соғып кетті.

Айта кетейік, бұл турнирге «Қайрат» футзал клубы шақырту алды. Алматылық ұжымнан бөлек турнирге «Интер ФС» (Испания), «Бенфика» (Португалия) және чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы – «Спортинг СП» (Португалия) командалары қатысады.

Record International Masters Futsal 2019.

«Бенфика» «Қайрат» 3:1 (1:0)

Голы: Хесус 4, Бриту 32, Робинью 36 – Дуглас 29

«Бенфика»: Ронкалиу (В), Б. Коэлью, Робинью, А. Коэлью, Фернандинью, Коррейа (В), Соуза (В), Чагинья, Драслер, Анджело, Фитс, Сесилиу, Хесус, Бриту.

«Қайрат»: Игита (В), Габриэл, Нургожин, Эдсон, Ранжел, Дуду (В), Леннон, Есенаманов, Диего, Дуглас, Тайеби, Оразов, Луизиньо, Акбаликов, Пиялы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер