Қазақстандық велошабандоз Италияда жеңімпаз атанды

Қазақстандық велошабандоз Италияда жеңімпаз атанды
<p> <strong>&laquo;Astana Continental Team&raquo; командасының велошабандозы Тілеген Майдос италиялық Карнагода біркүндік жарыста таудағы жіктелімде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.</strong></p> <p> &laquo;Бұл 8 айналымнан тұратын сақина тәрізді жарыс. Біз үнемі алда болдық. Кез келген шабуылға қарсы тұрдық. Сөйтіп, мен тауда көп ұпай жинадым. Бүкіл команда жарысқа белсенді атсалысты, жарыстың соңына қарай Ғалым Ахметов 3 шабандозбен кейін қалып еді, мәреге 4 шақырым қалғанда қуып жетті. Ойлағанымыздың бәрі бірдей көңілден шықпаған шығар, дегенмен біз жаман жұмыс жасаған жоқпыз&raquo;, - деп әсерімен бөлісті Тілеген Майдос.</p> <p> Қазақстандық команданың тағы бір шабандозы Вадим Галлеев &laquo;Tour of China &laquo;жарысының бірінші бөлімінің екінші кезеңінде үшінші орынға ие болды.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или