Луценко Норвегиядағы жарыстың алғашқы кезеңінде үздік ондыққа кірді

Луценко Норвегиядағы жарыстың алғашқы кезеңінде үздік ондыққа кірді

«Норвегия Арктикалық жарысы» көпкүндік турнирінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бағыт - О ауылынан Лекнеске дейін болды. Қашықтық 181 шақырымды құрады.

Corendon - Circus командасының голландиялық шабандозы Мэтью ван дер Пул жеңімпаз атанды. Екінші орынды Джумбо-Висма командасының намысын қорғайтын тағы бір голландиялық Дэнни Ван Поппел иеленді. Үздік үштікке италиялық Андреа Паскальон енді (Wanty - Гоберт велокомандасы).

«Астана» шабандоздары арасында ең жақсы нәтижені - мәре сызығын тоғызыншы болып кескен қазақстандық Алексей Луценко көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или