Бокс

DAZN «Канелоға» жеті бірдей қарсыласты ұсынды

news-banner7
mobile-news-top

DAZN стримингтік платформасы екі салмақта әлем чемпионы Сауль Альвареске (51-1-2, 35 КО) жеті бірдей боксшының тізімін ұсынды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Golden Boy промоутерлік компаниясы «Канелоға» жеті бірдей боксшының ішінен таңдау жасау құқығын берді. Тізімге орта салмақта WBC чемпионы Джермалл Чарло (29-0, 21 КО), екінші орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (28-0, 13 КО) және орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде (28-0, 17 КО) бар. Қалған боксшылардың есімдері құпия сақталған.

Айта кетейік, бұған дейін DAZN компаниясы Сауль Альвареске Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен ресейлік Сергей Ковалевпен (33-3-1, 28 КО) жекпе-жек өткізуге рұқсат еткен болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер