«Шахтер» Лунинді қатарына қосады

«Шахтер» Лунинді қатарына қосады
news-banner7
mobile-news-top

Белгілі қазақстандық футболшы алдағы күндері «кеншілердің» қатарына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қарағандылық клуб маусым айында «Ертістен» кеткен Станислав Лунинді өз алаңында көргісі келеді.

Айта кетейік, Лунин павлодарлық клубтан еркін агент ретінде кеткен болатын.

Станиславқа Арменияның жоғарғы дивизионының клубынан ұсыныс түсті. Сонымен қатар, вингер қызметіне Беларусь қызығушылық танытып отыр.

Қазақстан құрамасында екі матч, «Шахтер» сапында үш маусым ойнаған Лунин өнер көрсеткен Лунин ұзақ уақыт бойы «Қайраттың» намысын қорғаған болатын.

Transfermarkt порталы ойыншыны 400 мың еуроға бағалап отыр.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер