Бокс

Головкин мен Деревянченко күзде кездеседі

Головкин мен Деревянченко күзде кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкин арасында ұйымның вакантты белдігі үшін жекпе-жек өткізуді мақұлдады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ESPN журналисі Дэн Рафаэль мәлімдеді.

Енді қос боксшың командалары жекпе-жектің өтетін күні мен орнын анықтауы керек. Тараптардың ортақ шешім қабылдауы үшін 30 күн уақыт берілген.

Ал кейбір ақпарат құралдары бұл бокс кеші 5 қазан күні Madison Square Garden-де өтеді деп жазуда.

Естеріңізге сала кетейік, IBF ұйымы 1 тамыз күні Сауль Альваресті Деревянченкомен сәтсіз келіссөздерінен кейін чемпиондық атағынан айырған болатын.

Головкин IBF титулына 2015 жылдан 2018 жылға дейін иелік еткен. Кейін отандасымыз да дәл осы Деревянченкомен жұдырықтасудан бас тартқаннан кейін белдігінен айырылған еді.

Головкин — Деревянченко жекпе-жегі қашан және қай жерде өтуі мүмкін

«Канело» Головкинге титулды жекпе-жек пен қарсыласын бере сала ма?

Головкин IBF белбеуін қайтарып алуы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер