Live
Спорттағы коронавирус
Бокс

Головкин — Деревянченко жекпе-жегі қашан және қай жерде өтуі мүмкін

Головкин — Деревянченко жекпе-жегі қашан және қай жерде өтуі мүмкін

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкиннің тараптары келісімге келсе, IBF титулын сарапқа салады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

The Athletic басылымының инсайдері Майк Коппинджер мәлімдеді.

«Жекпе-жек 5 қазан күні Нью – Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарденде» өтуі мүмкін», - деп жазды Коппинджер өзінің Твиттер-парақшасында.

Еске сала кетелік, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Халықаралық бокс федерациясының тұжырымы бойынша (IBF) орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырылған болатын.

Енді бос атақ үшін Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен тартысқа түседі деп күтілуде.

Түпнұсқасы: Prosports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
GGG

GGG

Геннадий Геннадьевич Головкин бокс жаңалықтары онлайн, келесі жекпе-жег, Толығырақ

Сауль Альварес

Сауль Альварес

Сауль Альварес "Канело" - новости, интервью, фото и видео.

Пікірлер 0