PROспорт-блог
Әлем футболы

Мессиге өлім тілеген футболшы «Барселонаға» ауысты

Мессиге өлім тілеген футболшы «Барселонаға» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» Малкомды «Зенитке» сатып, жаңа ойыншыны сатып алғанын мәлім етті.

Ол - 22 жастағы испаниялық қорғаушы Хуан Фирпо «Бетис» сапында өнер көрсеткен Эктор Джуниор Фирпо. Каталониялық клуб аталмыш футболшы үшін 18 миллион еуро ақша жұмсады.

Айта кетейік, Фирпо 21 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Еуропа чемпионы.

Бір жыл бұрын Фирпоға «Манчестер Сити», МЮ, «Реал» қызығушылық танытқан болатын. «Мадрид» жарақатына байланысты Джуниорды сатып алудан бас тартқан болатын.

Бір қызығы, Фирпо өзінің клубтасы Лионель Мессиді өлердей жек көреді екен.

  • «Месси, сенің аяғыңды сындаратын бір жынды кездесетініне сенем»;
  • «Месси — иттің баласы»;
  • «Мессидің жарақат алып қалғаны қандай жақсы болды. Ол тезірек өлсе екен».

Осы секілді сөздерді жазған 16 жасында жазған Джуниор енді барынша ақталып бағуда.

- Сол кезде менің ең жақсы досым Мессидің жанкүйері болған. Досымды жындандыру үшін Месси туралы осындай жаман сөздерді жаздым.

Әрине, Месси-әлемдегі ең үздік ойыншы. 16 жаста не жасап, не қойғаныңды білмейсің. Мұндай қылықтар болашақта сенің өміріңе әсер етеді екен. Егер менің твитім біреуді ренжітсе, одан кешірім сұраймын, - деді Джуниор AS порталына берген сұқбатында.

Енді Джуниор мен Лео бір клубта ойнайды. Қалай болар екен?!

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер