Бокс

38 жастағы польшалық боксшы түрмеде көз жұмды

38 жастағы польшалық боксшы түрмеде көз жұмды
news-banner7
mobile-news-top

Жастар арасында WBC бұрынғы чемпионы, польшалық боксшы Давид Костецки 38 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Боксшының қаза болу себебі әлі белгісіз, алайда ол түрмеде көз жұмған.

Костецки кәсіпқой бокста 41 жекпе-жек өткізіп, оның 39-ын жеңген.

Давид 2011 жылы жеңгетайлықпен айналысты деп айыпталып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырылады. 2014 жылы босап шыққан ол автомобиль ұрлады, Польшаның қазынасына шығын келтірді деп тағы да ұсталады. Костецки 2021 жылы түрмеден шығуы керек болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер