Ой қорыту
Бокс

Ермахан Ыбрайымов: Тойға шығып тұрамын

Ермахан Ыбрайымов: Тойға шығып тұрамын
news-banner7
mobile-news-top

Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ермахан Ыбрайымов TalkLike бағдарламасының қонағы болды.

Бұрынғы боксшы жалақысының қанша екенін, алайда өз басына бұл ақшаның жетпейтінін, қосымша табыс көздері бар екенін айтты.

- Мәдениет және спорт министрлігі спорт комитетіне қарасты бокстан Олимпиадаға даярлау орталығының директоры болғаныма 12 жыл өтті. Айлығым 390 мың теңге. Дәрежеме сайма-сай деп айтуға болады. Тек қана айлыққа қарап отырған жоқпын. Кездесулерім бар, тойым бар. Басқа табыс көздерім бар.

- Той дегенді түсінбедім... Тойда қандай қызмет қыласыз?

- Тойда мен ешқандай қызмет көрсетпеймін. Тойға қонақ болып барамын. Ақша берсе, аламын. Негізі тойға шақырған адамдар «Менің тойыма Ермахан Ибраимов келді», «Олимпиада чемпионы келіп, тілек айтып, балама бата беріп кетті» деп айтады. Көбіне тұсаукесер, сүндет той, соларға неге қазақтың батыры Ыбрайымов Ермахан барып, бата бермеске, жолын ашпасқа? Бата бағаланады. Астыма бір ат мінгізіп, үстіме шапан жабады. Айына бір ат мінсем, маған жетпей ме сол, - дейді Олимпиада чемпионы.

«Олимпиадада бокстан жүлделер сатылатыны рас па?» деген сұрағына былай жауап берді:

- Бірінші кезекте бұл - спорт. Бизнестің қатысы жоқ. Бірақ тек бір ғана жағдайды айтуға болады. Мысалы, екі боксшы тең түсіп тұр. Төрешілер екі жаққа да жеңісті беріп жібере алады. Сол кезде төрешілердің Қазақстанмен қарым-қатынасы рөл ойнайды. «Осы Қазақстаннан Ермахан Ыбрайымов деген бауырым бар еді, мені жақсылап күтіп еді» деп Қазақстанға жеңісті беріп жіберуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер