«Тур де Франстағы» сәтсіздікке қарамастан «Астана» UCI рейтингінде төмендемеді

«Тур де Франстағы» сәтсіздікке қарамастан «Астана» UCI рейтингінде төмендемеді

Халықаралық велошабандоздар одағы (UCI) жаңартылған рейтингін жариялады.

Қазақстандық «Астананың» «Тур де Франс-2019» жарысында сәтсіз өнер көрсеткеніне қарамастан шабандоздардың рейтингі төмендемеген. Елордалық ұжымның көшбасшысы Якоб Фульсанг 2991 ұпаймен үшінші сатыға жайғасты. Алексей Луценко болса үздік 25 шабандоздардың қатарына еніп, 22-ші сатыға тұрақтады. Ал көштің басын франциялық Жулиан Алафелипп бастап тұр. <br />Әлемдік тур командаларының ішінде «Астана» үздік үштікке енді. Бельгияның DECEUNINCK — QUICK – STEP командасы үздік атанды.

Естеріңізге сала кетейік, 106-шы «Тур де Франс» көпкүндігінде «Астананың» сапынан үздік нәтижені Алексей Луценко көрсетті. Қазақстандық шабандоз жалпы есепте 19-шы сатыға тоқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или