«Астана» «Тур де Франста» тағы бір шабандозынан айырылды
«Астананың» шабандозы Луис Леон Санчес «Тур де Франс» көпкүндігінің 17-ші кезеңіне қатыспайды.
Шабандозды арқасындағы жарақата мазалап жүр. Тексеруден өткен оған дәрігерлер демалуға кеңес берген.
Бұған дейін «Астананың» капитаны даниялық Якоб Фульсанг бірнеше шабандозбен бірге құлап, жарыс жолынан шығып қалып, ауруханаға жеткізілген еді. Денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ, дегенмен Фульсанг үшін бұл жарыс аяқталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или