Командалық

Су добы: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Испаниядан жеңілді

Су добы: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Испаниядан жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан су добынан әлем чемпионатында ерлер құрамалары алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған біздің жігіттер де қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі. Қарсыластары - АҚШ, Хорватия және Австралия құрамалары. Біздің ватерполшылар бүгін алғашқы кездесуін Испанияға қарсы өткізді. Ойында испандар 16:7 есебімен жеңіске жетті. Енді біздің жігіттер 17 шілдеде Австралиямен шеберлік байқасады. Австралия бүгін Хорватиядан 4:14 есебімен сүрінді.

Жігіттер әлем чемпионатында 7 мәрте бақ сынап жатыр. Әзірге ең жоғары жетістігі ретінде 1998 жылы 11 орын алғаны саналып отыр.

Естеріңізге сала кетелік, кеше 14 шілдеде су добынан Қазақстан қыздар құрамасы Кубадан 9:6 есебімен басым түсті. Енді олар 16 шілдеде Испаниямен ойнайды. Қазақстандық қыздар әлем чемпионатына алтыншы мәрте қатысып жатыр. Олар 2001 жылы сегізінші орын алды. Бүгінгі күнге дейін одан жоғары жетістікке жеткен жоқ.

Айта кетсек, 12 шілдеде Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Дүбірлі дода 28 шілдеге дейін созылады. Әлем чемпионатында суға секіру, хай-дайвинг, ашық су айдынындағы суға жүзу, суға жүзу, синхронды жүзу, су добынан жарыстар өткізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер