Футзал

Кака: «Қайрат» ешбір қарсыластан қорықпайды

Кака: «Қайрат» ешбір қарсыластан қорықпайды
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының бас бапкері Пауло Рикардо Кака УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі раундының жеребе тарту қорытындысы туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.

- «Қайрат» қиын топқа түсті. Венглерге өз алаңы көмек болатыны түсінікті. КПФР Чемпиондар лигасына бірінші рет қатысып жатса да, деңгейі жоғары команда. «Эль Посоны» таныстырудың өзі артық болар. Дегенмен, «Қайрат» командасы ешбір қарсыластан қорықпайды. Біздің менталитет солай қалыптасқан. Қарсыластарды сараптауды бастап кеттік. Әрбір матчқа бар жауапкершілікті сезініп шығуымыз керек.

Айта кетейік, негізгі кезеңде ел чемпионы «Қайрат» пен күміс жүлденің иесі «Аят» үшінші және төртінші топтарда бақ сынайды.

Негізгі кезең. А жолы

I топ

Спортинг (Португалия)

Экономац (Сербия)

Добовец (Словения)

Мостар (Босния және Герцеговина)

ІІ топ

Бенфика (Португалия)

Халле-Гойк (Бельгия)

Араз (Әзербайжан)

Херсон (Украина)

ІІІ топ

Барса (Испания)

Аят (Қазақстан)

Тюмень (Россия)

Витис (Литва)

IV топ

АФК Қайрат (Қазақстан)

Эль Посо (Испания)

КПРФ (Россия)

Береттьоуйфалу (Венгрия)

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер