«Қайрат» пен «Аят» қарсыластарын білді

Бүгін, 4 шілдеде Ньон қаласында футзалдан чемпиондар Лигасының алдын ала және негізгі кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл турнирге біздің елдің атынан екі команда қатысады. Олар - «Қайрат» пен «Аят». Екі командамыз да турнирді негізгі кезеңнен бастайды.
Жеребе қорытындысында, «Қайрат» төртінші топқа түсті. Қарсыластары - «Эль-Посо» (Испания), КПРФ (Ресей) және «Береттьоуйфалу» (Венгрия).
Ал «Аят» командасы «Барселона», «Тюмень» және «Витиспен» бір топқа түсті.
Айта кетейік, чемпиондар Лигасының алдын ала іріктеу кезеңінің матчтары 2019 жылдың 27 тамызынан 1 қыркүйегіне дейін, ал негізгі кезеңінің ойындары 2019 жылдың 8-13 қазан аралығында өтеді.