Қанат Ислам мен Хулио Де Хесус салмақ өлшеу рәсіміне қатысты
Бүгін 5 шілде Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсететін боксшылардың салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп жазады Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде өнер көрсететін отандасымыз Қанат Ислам мен <span>доминикандық Хулио Де Хесус та салмақтарын өлшетті. Нәтижесінде «Қазақ» қарсыласынан сәл ауырлау салмақ көрсетті.</span>
<span>Атап айтқанда, Қанаттың салмағы 72,2 келі болса, Хесустің салмағы 71,75 келі болды.</span>
<span>Естеріңізге сала кетейік, боксшылар арасындағы жекпе-жек 5 шілде күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Боксшылар орта салмақтағы WBO Intercontinental белбеуін сарапқа салады.</span>
<h4 class="title">Қытай мен Корея үшін жұдырықтасқан. Қанат Исламның өмірбаяны</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или