«Астананың» Тур де Франс жарысына қатысатын құрамы белгілі болды
<span>«Астана» командасы 6 шілдеде Брюссельде басталатын Тур де Франс әлем жарысына қатысатын велошабандоздарының тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.</span>
<span> Команда жетекшісі - Якоб Фульсанг. Командада Алексей Луценко, Горка Исагирре, Пельо Бильбао, Магнус Корт, Луис Леон Санчес, Омар Фраиле және Уго Уль бар. «</span>
<span>Мұндай күшті және тәжірибелі командамен жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін барымызды саламыз. Жарыста екі спорт директоры командамен жұмыс істейді, олар - Ларс Михаэльсен және Бруно Ченьялта»,- дейді спорт менеджері Дмитрий Фофонов. Оның айтуынша, бұл жолы тәжірбиесі мол әрі мықты команда жасақталды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или