«Qyzyljar-2019» велошеруі өтті

«Qyzyljar-2019» велошеруі өтті

Петропавлда Александр Винокуровтың сыйлығына арналған ашық республикалық көпкүндік веложарысы аясында «Qyzyljar-2019» спорттық акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

<span>СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша,  «Qyzyljar-2019» велошеруіне 150-ден астам спортшы қатысты. Олардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласының 20 командасы, Алматы қаласының, Қазақстанның басқа өңірлері мен Ресей Федерациясының велошабандоздары бар. </span>

<span>Оларға спорт ардагерлері мен жастар, Қазақстан спортының саңлақтары: велошабандоздар Бақтияр Қожатаев пен Александр Надобенко, былғары қолғап шебері Жанат Жақиянов қосылды. </span>

<span>Дәстүрлі велошеру Петропавлда екінші мәрте ұйымдастырылды. Бұл жолы велошеруге қатысушылар К.Сүтішев, Ж.Жабаев, Я.Гашек  және Нұр-Сұлтан көшелерін басып, 7,5 шақырымды жүріп өтті.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или