Луценко ел біріншілігінде екінші мәрте топ жарды

Луценко ел біріншілігінде екінші мәрте топ жарды

Ақмола облысының Шучинск қаласында өтіп жатқан велоспорттан Қазақстан Спартакидасында Алексей Луценко екінші мәрте жеңіске жетті.

Ерлер арасындағы командалық 40 шақырымға созылған бәсекеде Алексей Луценко намысын қорғаған Солтүстік Қазақстан облысының команадсы мәре сызығын бірінші болып кесті. Шабандоздар 40 шақырымды 49:26,52 уақытта жүріп өтті.

Екінші орыннан Алматы облысының командасы 50,699 көрсеткішімен көрінді.

Ал Алматы құрамасы үздік үштікті қорытындылады. Олар 40 шақырымды 51:549 уақытта жүріп өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или