«Қайрат» пен «Астана» басқа чемпионатқа кетуі мүмкін

«Қайрат» пен «Астана» басқа чемпионатқа кетуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

ЦСКА-ның президенті Евгений Гинер Премьер-лиганың кеңейтілуін қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Лиганы міндетті түрде кеңейту керек. Біз аз матч ойнаймыз. Дюковтан сұрағандарыңызда, беларусьтік клубты шақырғымыз келетінін айтар еді. Не болмаса, қазақ, армян клубтарын. Мен кеңес чемпионатын қайтаруды қаламаймын. Еревандық «Арарат» бар, мықты, жақсы клуб. «Қайрат» пен «Астана» бар. Бюджетке қарап отырған емес, жеке қожайындары бар клубтарды шақырамыз», - деді Гинер.

23 мамырда Гинер РФС атқарушы комитетінің отырысында РПЛ-ді кеңейтуді ұсынған. Кейін лиганың жалпы жиналысында осы мәселе тағы да көтерілді. 15 клуб 2020/2021 жылғы маусымнан бастап лига қатысушыларының көбеюін қолдаған, тек «Спартак» қана қарсы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер