Елбасы Винченцо Нибалиді жеңісімен құттықтады

Елбасы Винченцо Нибалиді жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тур де Франс» көпкүндік жарысындағы жеңіске орай «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибалиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп мәлімдейді akorda.kz сайты.

Қазақстан Президенті әлемнің үздік кәсіпқой велошабандоздарының бәсекесіне қазақстандықтар бір ай бойы куә болғанын айтты.

«Сіздің еңбегіңіз бен жеңіске деген жігеріңіз барлық кезеңде біздің велокомандаға Қазақстанның спорттық жетістіктерін тағы да танытуға мүмкіндік берді», делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы спортшыға және «Астана» командасына велоспорттың басты жарыстарында топ жару жолындағы жемісті еңбек пен жанкешті күресі үшін ризашылық білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Винченцо Нибалиге мықты денсаулық, бақ-береке, жаңа жеңістер мен спорттық жетістіктер тіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или